<![CDATA[История Казахстана]]> http://ehistory.yvision.kz/feed/ Fri, 28 Jul 2017 02:35:06 +0600 https://yvision.kz/images/userpics/ehistory-normal.jpgИстория Казахстанаhttp://ehistory.yvision.kz all rights reserved Zend_Feed Алтай тауынан көне түрік тайпасына тиесілі мумия табылды

Мумиядағы киім мен әшекей әйелдің жоғары тап өкілі екенін растайды, ал киіміне кестеленген гүлдер нақты бір халыққа тиесілі өнер қолтаңбасы болып саналады екен


Жақында Моңғолияның Алтай тауларында, 2 800 метр биіктіктен мумия табылған. Археолог сарапшылардың пайымдауынша, мумия – біздің заманымыздың алтыншы ғасырында өмір сүрген түрік әйелі, оған кемінде 1 500 жыл болған.

Хабарламада жергілікті ауа-райының суықтығы және моланың 3 метр тереңдікте жатуы әйел денесінің жақсы сақталуына себеп болған делінеді. Бұл – теңіз деңгейінен осынша биіктіктен алғаш табылып отырған түріктік мумия болып есептеледі.

Кобдо музейінің Б. Сухбаатар есімді ғылыми қызметкері жерленген жерден садақ табылмауына байланысты дененің әйелге тиесілі екенін пайымдауға болады дейді. Сонымен бірге табылған заттардың ішінде ер-тұрман, тізгін, мата қиындылары, арқан, ағаш ыдыстар, қазан және теріден тігілген киімдер, т.б. заттар болған.

Толығырақ оқу

]]>
Fri, 15 Apr 2016 10:23:35 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)көне түрік тайпасымумияалтай тауыhttps://yvision.kz/post/689265https://yvision.kz/post/689265
Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы ТМД елдерімен қатынасының ерекшеліктері (1991-1995 жж.)

Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды КСРО тарағаннан кейін оның құрамында болып келген бұрынғы одақтық дәрежедегі кеңестік социалистік республикалардың көпшілігінің еркіндік тұрғыдағы негіздеген экономикалық одағы – ТМД деген атаумен белгілі болды. ТМД жаңадан өмірге келген тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлтаралық қатынастарда терең қарама-қайшылықтар орын алып, дағдарысқа ұшыраған, тұрғындарының барлық салаларда барынша күйзеліске ұшыраған жағдайында өмірге келді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі орталықтан жоспарланып, басқарылған одақ шеңберіндегі өзара тығыз байланыстардың үзілуі, осының негізіндегі орын алған жаңа күрделі жағдайларды бірлесе шешу жаңа достастыққа мүшелікке өткен мемлекеттердің алдына қойылды. Олардың қатарында Еуразия аймағындағы, әлемдегі қалыптасқан саяси, экономикалық жағдайлардағы бұл мемлекеттердің орнын қалыптастыру маңызды қажеттілікке айналды. Соның ішінде:
- жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық, өндірістік, өзара сауда, т.б. салалардағы өзара қимылдары;
- мемлекеттер арасындағы ортақ баға саясатын белгілеу;
- келісілген әскери ынтымақтастық, шекараны бірлесе қорғау ісі;
- Достастық елдері арасындағы көші-қон, азаматтық мәселерін тұрғындардың мүдделеріне сай ортақтаса шешу;
- мәдениет, білім,ғылым денсаулық сақтау бағыттарындағы жүйеленген іс-әрекет, т.б. салалардағы келісімділікті жүзеге асыру міндеттері қойылды.

Осылар арқылы бұл қауымдастықты ХХ ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басындағы әлемге шаруашылықтары реттелген, саяси, әлеуметтік тұрақты, экономикалары нарық талаптарына сай өркендеуге бағыт алған жаңа мемлекеттер бірлестігі ретінде қалыптастыру мақсат етілді. Осылардың ішіндегі маңыздылардың қатарына Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды. ТМД-ның құрылуы және оның құрамындағы мемлекеттердің заман талабына сай атқаратын қызметтерін айқындаудың басында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бола білді.

Қазақстан жетекшісі ішкі қайшылықтар барынша меңдеген Кеңес Одағы тарамай тұрып-ақ осы көпұлтты мемлекеттегі орын алған нақты жағдайларға тоқтала келе,оларды уақыт талабына сай реттеудің жолдарын ұсынды. Мысалы, 1991 жылдың қазан айындағы Лондонның Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев: «...Қазақстан әрқашан Алматыда қабылданған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, осы арқылы Тәуелсіз мемлекеттердің Одағы туралы шарттың жобасына арналған жұмыстардың қайтадан басталуында маңызды орын алған жаңа одақтың қажеттігі туралы нақты пікірді ұстанып келеді» [1], – деп көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғауға арналған «Бразилия-92» конференциясында жасаған баяндамасында: «Мен әрқашан рубльдік аймақ республикаларының (оған өздерінің валюталары бар республикалардың қосылу мүмкіндігін жаққа шығармай) Экономикалық одақ құруларын жақтаймын. Мұндай одақтың негізіне тауарлардың, капиталдың, жұмыс күші мен қызмет көрсетудің еркін айналысы принцпі негізделуі тиіс. Келісілген қаржылық, ақша-кредиттік, салық, баға, әлеуметтік, көпукладты экономикалық саясат маңызға ие. Келісімдер негізіндегі мемлекеттер арасындағы өзара байланыстың, жекелеген елдер тарапынан бір жақты, басқалардың мүдделерінен тыс шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейтін ұлттық, мемлекеттіктен жоғары тұратын үйлестіру институттарын құрудың ортақ принцптерін негіздеу қажет» [2], – дей келе, құрылғаннан бергі мерзімдегі ТМД-ғы атқарылған істерді саралады.

Толығырақ оқу

]]>
Mon, 11 Apr 2016 10:17:45 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)алғашқы тәуелсіздік жылдарықазақстантмд елдері1991-1995 жжhttps://yvision.kz/post/688479https://yvision.kz/post/688479
Семей қасіреті – қазақ қасіреті

«Семей қасіреті» кітабының тарихнамалық және деректемелік арқауы мейлінше шымыр. Дәуірнамалық мәні айрықша. Қазақ қасіретін, жер-судың зар-наласын толыққанды сипаттап жеткізген

Жазушы Медеу Сәрсекенің «Семей қасіреті» дейтін деректі тарихи хикаяты – Қазақ елінің, Жер-суының, Тағдырының қасіретін толғаған кемел туынды. Бұл энциклопедиялық сипаттағы кесек шығармада қисапсыз мол материалдар, айғақ-деректер жинақталып, жүйеленіп нақтылы баяндалған, тарихи-философиялық жинақтаулар мен тұжырымдар жасалған. Мысалы, «Семей қасіреті» кітабының «Жапон халқына қымбат «сыйлық», «АҚШ қырғиларымен тайталаста», «Қазақ сахарасы – сынақ алаңы», «Қыр елінің тарихы шерткен сыр», «Мамыражай жаз еді», «Қорғаушысы жоқ ел жетім», «Мүсәпір елдің тағдырын кім ойлайды», «Мұхамедғали Сужиков не үшін қудаланды?», «Қисапсыз көп жарылыс кім үшін?», «Радиация күлінің астындағы тірлік», «Жазаның ауыры – кешіккен шындық», «Еңіреген ер қайда атқа мінген?», «Заман озып, заң тозған жылдарда», «Жаралы жерде жаңғырған ел», «Семей полигонын кім жапты?», «Адасулар, өтірік және ақиқат» дейтін дастанға лайық ауқымды тарауларында замана кейпі, дәуір шындығы, тұтас адамзат қауымына зұлымдық жасаған ел билеушілерінің жыртқыштық, зымияндық, әпербақандық әрекеттері, халық қабырғасын қайыстыруы соншалықты дәйекті, сүйекті дәлелдерімен әңгімеленеді.

Медеу Сәрсекенің инженерлік білігі, ғылыми-жүйелі ойлауы, эрудициясы, ар білімі, интеллектуалдық болмысы, ғылыми-шығармашылық әлеуеті жаратылыстану ғылымының жеткен биігін, әсіресе, атом бомбасының құрылымының қандай екенін түсіндіреді. Ол былайша екен: тротил қоспасы мен гексогеннің өзара мөлшерін 1:1 етіп, бұған тітіркендіру жылдамдығын секундына 7650 метрге жеткізгенде атом ядросы тізбекті реакцияға түседі. Сонда отыз екі нүктеден бір мезетте атқылаған заряд тізбекті реакция тудырып, атомдық жарылыс жасайды екен. Бір килограмм радий 1590 жыл бойы ыдырау реакциясына түсіп, 0,5 кг қорғасынға айналады. 1 кг уран 22900 киловатт қуат бөледі. Бұларды бейбіт мақсатқа жұмсамаса, жанды-жансыз дүниені тозаңға айналдырады. Бұл орайда Медеу Сәрсеке «Семей қасіреті» еңбегінде әлемдік ғылым тарихындағы ұлы оқымыстылар Нильс Бор, Д.Н. Менделеев, Э. Резерфорд, А.Ф. Иоффе, П.Л. Капица, И.Е. Тамм, А. Эйнштэйн, Л.Д. Ландау, А.Д. Александров, Ю.Б. Харитон еңбектеріне ой жарығын түсіріп, атомдық және ядролық жарылыстарды, физикалық құбылыстарды қалай жасалу мәнісіне тоқталады. Ең бірінші бомбада 7 кг плутоний болған, РДС («Реактивный двигатель Сталина») деп аталған Атом бомбасының Бас конструкторы – Ю.Б. Харитон. 1953 жылдың 12 тамызында сыналған сутегі бомбасының жасаушысы – академик А.Д. Сахаров.

Семей полигонында 1949-1989 жылдарда 470 мәрте атомдық және термоядролық жарылыстар жасалды. А.Д. Сахаровтың жазуынша, әрбір термоядролық жарылыс он мың жанды құрбан етеді екен. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Дегелең тауының астында 296 сынақ жасалған. 1961-1962 жылдардың ішінде 68 жарылыс (53-і ауада) болған. Сонда Абай елінде болған 470 дүркін жарылыстан – 2500 мегатонна энергия бөлінген. Ал Жапонияның жеріндегі жарылыстан 30 мегатонна, Чернобыльдан 100 мегатонна бөлінген. Осының өзінен Семей халқы мен даласының мыңдаған жылдарға созылатын адамзаттың, жаһанның қасіретін немен өлшеуге болады? АҚШ 1945 жылы 6 тамыз күні Хиросимаға бомба тастағанда 47 секундта 130 000 жанды ажал құштырған және 200 мың жан иесі зардап шеккен. Міне, адамзатқа, ғаламзатқа, Жер-Анаға жасалған зұлымдық!

Деректанушы, жазушы, Семей қасіретінің куәгері Медеу Сәрсеке 1949 жылдың 29 тамызында атомдық жарылыстың жаратылысқа әкелген сойқанды былайша айтады: Бомба қойылған 30 метр құрыш болаттан құйылған мұнараның суша ағып кетуі, топырақ балқып, қалыңдығы бір қарыс күйік қабаттың пайда болуы, жер мен көк от құйынның әлегіне түсуі, аумағы отыз шақырым даланың өртенуі (әскерилер екі тәулік бойы сөндірумен жанталасқан) сиырлар өкірген, бүркіттердің қанаты күйіп, көзі аққан, тау шыңы қаңбақша ұшқан, малдың терісі тырысып-бырысып күйіп, тырапай асқан.

Қоғам қайраткері, ғұламалық, білімпаздық зердесі орасан Медеу Сәрсеке «Весь Казахстан» (Ленинград, 1931 жыл) дейтін еңбектегі деректерді сөйлетеді. Қазақ АКСР-нің Жоспарлау комитетінің 1930 жылғы 30 маусымда келтірген мәліметтері бойынша, республика өңірінде 1930 жылы 29 812 жан иесі (1940 жылы 50 мың ғана) болған. Және елдің дәулетіне келсек, 1 206 207 түйе, 2 84 874 жылқы, 5 036 302 сиыр, 20 024 902 қой-ешкі. Кәмпеске, ашаршылық, ереуілдер, репрессия, соғыс, жарылыстар салдарынан осылардың там-тұғы, жұрнағы қалғаны, арлы-намысты қайсар ұландардың қырылғаны, ұсталғаны қандай өкінішті?!

Қазақстанда 1929-1931 жылдарда 372 көтеріліс бұрқ еткен. Советтік идеология, социализм халықты қан қақсатты. Бұл турасында Медеу Сәрсеке Н.С. Хрущевтің өлер алдындағы ойын былайша жеткізген: «Прасковья Мошенцева деген емдеуші дәрігері Хрущев жатқан палатаға кіргенде, науқастың көңіл күйі түзеліп, сырқаты бері қараған сәт екен, Никита Сергеевич қолындағы «Правда» газетін нұсқап: «Мына газет өмір бойы насихаттаған социализмнің не екенін білесіз бе?» – дейді. Тосын сұраққа қымсынған дәрігерге соның немене екенін өзі түсіндіріпті: «Біздің жалынды бір үгітші колхозшыларды жинап, социализм туралы үш сағат бойы дәріс оқыпты. Сөйте тұрып үш бокал су ішіпті. Содан дәрісін бітіріп, «Ал енді сұрақ қойыңдар!» дегенде, алдыңғы қатардан мен сияқты орта бойлы кексе адам тұрып, «Құрметті лектір, – дейді, – Сіз сәциализмді үш сағат бойы мақтап, бір гірапын су іштіңіз. Үш сағатта бір рет те дәретке шықпадыңыз. Соған сіз қалай шықпадыңыз?..» депті... Мошенцова не дерін білмей, тым-тырыс сілейіп тұрғанда: «Қымбатты Прасковья, социализмнің не екенін ұқтыңыз ба? Айтуға ұялып тұрсаңыз, немене екенін мен айтайын: ол да – су, ия, кәдімгі нәрі жоқ сылдыр су!..» – деген түсіндірме беріпті... (Уильям Таубман «Хрущев» кітабынан).

Толығырақ оқу

]]>
Thu, 31 Mar 2016 10:55:49 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)семей қасіретіжазушы медеу сәрсеке«семей қасіреті» кітабысемей полигонытермоядролық жарылыстарсынақатомдық жарылысhttps://yvision.kz/post/686381https://yvision.kz/post/686381
Қазақстанның алғашқы тәуелсіздік жылдарындағы ТМД елдерімен қатынасының ерекшеліктері (1991-1995 жж.)

Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды

КСРО тарағаннан кейін оның құрамында болып келген бұрынғы одақтық дәрежедегі кеңестік социалистік республикалардың көпшілігінің еркіндік тұрғыдағы негіздеген экономикалық одағы – ТМД деген атаумен белгілі болды.

ТМД жаңадан өмірге келген тәуелсіз мемлекеттердің саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлтаралық қатынастарда терең қарама-қайшылықтар орын алып, дағдарысқа ұшыраған, тұрғындарының барлық салаларда барынша күйзеліске ұшыраған жағдайында өмірге келді. Бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегі орталықтан жоспарланып, басқарылған одақ шеңберіндегі өзара тығыз байланыстардың үзілуі, осының негізіндегі орын алған жаңа күрделі жағдайларды бірлесе шешу жаңа достастыққа мүшелікке өткен мемлекеттердің алдына қойылды. Олардың қатарында Еуразия аймағындағы, әлемдегі қалыптасқан саяси, экономикалық жағдайлардағы бұл мемлекеттердің орнын қалыптастыру маңызды қажеттілікке айналды. Соның ішінде:
- жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық, өндірістік, өзара сауда, т.б. салалардағы өзара қимылдары;
- мемлекеттер арасындағы ортақ баға саясатын белгілеу; - келісілген әскери ынтымақтастық, шекараны бірлесе қорғау ісі;
- Достастық елдері арасындағы көші-қон, азаматтық мәселерін тұрғындардың мүдделеріне сай ортақтаса шешу;
- мәдениет, білім,ғылым денсаулық сақтау бағыттарындағы жүйеленген іс-әрекет, т.б. салалардағы келісімділікті жүзеге асыру міндеттері қойылды.
Осылар арқылы бұл қауымдастықты ХХ ғасырдың соңы-ХХІ ғасырдың басындағы әлемге шаруашылықтары реттелген, саяси, әлеуметтік тұрақты, экономикалары нарық талаптарына сай өркендеуге бағыт алған жаңа мемлекеттер бірлестігі ретінде қалыптастыру мақсат етілді. Осылардың ішіндегі маңыздылардың қатарына Достастық шеңберіндегі елдердегі ұлтаралық келісімді сақтау, халық тұрмысын төмендетпеуге деген бірлескен шараларды іске асыру қажеттілікке айналды. ТМД-ның құрылуы және оның құрамындағы мемлекеттердің заман талабына сай атқаратын қызметтерін айқындаудың басында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бола білді.

Қазақстан жетекшісі ішкі қайшылықтар барынша меңдеген Кеңес Одағы тарамай тұрып-ақ осы көпұлтты мемлекеттегі орын алған нақты жағдайларға тоқтала келе,оларды уақыт талабына сай реттеудің жолдарын ұсынды. Мысалы, 1991 жылдың қазан айындағы Лондонның Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде Н.Ә.Назарбаев: «...Қазақстан әрқашан Алматыда қабылданған экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды, осы арқылы Тәуелсіз мемлекеттердің Одағы туралы шарттың жобасына арналған жұмыстардың қайтадан басталуында маңызды орын алған жаңа одақтың қажеттігі туралы нақты пікірді ұстанып келеді» [1], – деп көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғауға арналған «Бразилия-92» конференциясында жасаған баяндамасында: «Мен әрқашан рубльдік аймақ республикаларының (оған өздерінің валюталары бар республикалардың қосылу мүмкіндігін жаққа шығармай) Экономикалық одақ құруларын жақтаймын. Мұндай одақтың негізіне тауарлардың, капиталдың, жұмыс күші мен қызмет көрсетудің еркін айналысы принцпі негізделуі тиіс. Келісілген қаржылық, ақша-кредиттік, салық, баға, әлеуметтік, көпукладты экономикалық саясат маңызға ие. Келісімдер негізіндегі мемлекеттер арасындағы өзара байланыстың, жекелеген елдер тарапынан бір жақты, басқалардың мүдделерінен тыс шаралар қабылдауға мүмкіндік бермейтін ұлттық, мемлекеттіктен жоғары тұратын үйлестіру институттарын құрудың ортақ принцптерін негіздеу қажет» [2], – дей келе, құрылғаннан бергі мерзімдегі ТМД-ғы атқарылған істерді саралады.

Толығырақ оқу
 
]]>
Tue, 29 Mar 2016 09:24:38 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)қазақстантәуелсіздік жылдарытмд елдеріhttps://yvision.kz/post/686000https://yvision.kz/post/686000
Әлихан Бөкейхан. Қазақтың тарихы. ІІІ-IV

Тарих кітаптарынан қарап мұны білуге болмайды. Орыстың тарихында топты қазақ деген сөзді жазбайды. «Киргиз» деген бір жаңылыс сөзді малданып, соның менен бүкіл тарихын быдықтырады

ІІІ

Газетаның 3-інші нөмірінде Қазақтың тарихы турасында жаңылыстың екеуін санап едік. Жəне үшінші хате мынау: «Қазақ» деген сөздің мағынасын тарих кітаптарын анық қып айтып бере алмайды. «Қазақ» деген сөз қайдан шығыпты? Тарих кітаптарынан қарап мұны білуге болмайды. Орыстың тарихында топты қазақ деген сөзді жазбайды. «Киргиз» деген бір жаңылыс сөзді малданып, соның менен бүкіл тарихын быдықтырады. Арабша һəм түрікше тарих кітаптарына келсек, онда да анық сөз жоқ, һəр түрлі ұйғарып айтады. Кей біреуі: қазақ – қашақ деген деген сөзден өзгерілген дейді. Жəнібек хан тұсында ханзаданың біреуі хан бола алмайтын болған соң, қасына жас бозбаланы ерітіп елден қашып, азып-тозып жүрген соң сахарада қалып «қашақ» атаныпты-мыс, жүре-жүре «қашақ» сөзі қалып, «қазақ» болыпты-мыс. Осындай жаңылыстар ондық-мұндық ұсақ кітаптардың сөзі емес, нағыз шын, сенімді деген «Мұстафадал ахбар» кітабында да осы сөз бар*. «Мұстафадал ахбар» кітабын жазушы Қазанның Шаһаба ад-Дин Маржани хазіретлері ілімнің деңізі деп білгендігімізден қазақтың асылын, қазақ сөзінің мағынасын біле алмайды деуге болмайды. Бірақ ол жарықтықтың «Қазан халқына» махсус болған тағсібиі (фанатизмі) күшті болғандықтан, ноғай емес халықты жек (манфур) көргендігінен қалай болса, солай жаңылыс жазғандығы жасырын емес. Төртінші хате – қазақ сөзі «хайсах-қайсақ» сөзінен өзгеріпті деген сөздері. «Халисақ» сөзі қалмақшада «гранитса күзетшісі» мағынасында-мыс. Орыс тарихының кей біреуі қазақ сөзі осы «хайсақ» дегеннен алынған деп өтірікті жазады. Осындай өтірікті малданып, орыс жазушыларының көбі қазақты «киргиз-кайсак» деп жазып жүр. Мұның өтірік екендігі сөз ретінде кейін айтылар. Осы күнде қалмақ-қытай қазақты «хайсақ-хасақ» деп сөйлейді екен – онысы тілі келмегеннен. Оның менен қазақ сөзі «хайсақ»-тан өзгерілгендігі білінбейді. Осы күнде «мишер» (мысыр) халқы арабтан алынған «салам» сөзін «Сейалам» деп сөйлейтіні бар. Со секілді, қалмақта «қазақ» сөзін «хайсақ» деп бұзып айтады деуге болады. Бесінші хате – түрік қауымынан бірі кісі далада аң аулап жүргенде бір адасқан қыз тауып алыпты-мыс. Қыз аса көркем сұлу болса керек, еліне алып келгенде халқы көріп сұқтанып: – Шіркін-ай, қыз-ақ екен! – дейді-міс. Сол сөз жүре-жүре «қазақ» қалпына өзгеріліпті-міс. Сол қыздан үш бала тауып, күллі қазақ халқы сол үш баладан тарапты-мыс. Үлкен баладан – Ұлы жүз, ортаншы баладан – Орта жүз, кішіден – Кіші жүз тарайды-мыс.

Мінеки, осындай шіп-шикі өтірік сөздер тарих кітаптарында толып жатыр. Тарихтың шын-өтірігін айыруға шамасы келмеген шала моллалар «кітапта жазған сөз» деп осындай сөздерді көптің ортасында оқып, біреуден біреу есітіп, осы өтіріктерге жұрттың əбден құлағы қанбады. Қазақтың асылы қайдан шыққан? – деп сұрасаң, тəп-тəуір адам да осы өтірікті айтып қоя береді. Мұнан төрт жыл бұрын қазақ шəкірттерімен кеңесіп қазақтың тарихын жазбақ болып едік. Шəкірттердің əрқайсының елі(нде) шежіреге жетік адамдар бар. Тарихқа керекті сөздерді (материалды. Түрік баласы) жазып əкелеміз деп кетісті. Мінеки, шəкірттердің жазып əкелген шежіресі: «Қырым жұртында қырық сан ноғай болғанда, бір ханның баласы анасынан шала туыпты; «тілеп алған балам шала туып, жұртымды шала қылады екен» деп, ханым баланы Дешті қапшақта көшіп-қонып жүрген он сан ноғай ішіне тастатыпты. Бала өсіп ер жеткен соң, əйдік өнерпаз болыпты. Бір күні хан өзінен туған бала сөйтіп өнерпаз болыпты дегенді есітіп, Үйсін батырдың қасына жүз жігіт қосып іздеуге жіберіпті. Бұлар баланы тапса да Сыр-Дария менен Арқаны қимай тұрып қалыпты. Үш жылдан соң Болат мырза жүз жігіт бен келіп о да тұрыпты. Жəне үш жылдан соң Алшын мырза жүз жігітті ерітіп келіп, о да тұрып қалыпты. Сол үш жүз жігіт манағы шала туған баланы алаша төсекте хан көтеріп «Алаш» деп ұран қойыпты. Үйсін, Болат, һəм Алшын мырзадан тұқым қалып, өзге жігіттер жауда өліп, олардан тұқым қалмайды». Қазақтың үш жүз болғанының, Алаш атанғанның мəнісі осы-мыс. Мінеки, ел арасындағы «шежіре» осы. Мұнан басқа жəне естуге құлақ иба қылатын өтірік шежірелер толып жатыр.

Толығырақ оқу

]]>
Fri, 25 Mar 2016 09:36:57 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)әлихан бөкейханқазақтың тарихыііі-ivhttps://yvision.kz/post/685415https://yvision.kz/post/685415
Наурыз мейрамын жаңаша өткізудің тұжырымдамасынан

Наурызды ежелгі түркілік онекімүшелдік күнтізбеге қатыссыз қарай алмаймыз. Бұл мерекелік рәсім – аталған дүниетанымға негізделген Уақыт пен Кеңісті әмбебап онекімүшелдік жүйеге жіктеудің бір көрінісі

3. Наурыз бен түркілік миф
Жалпы алғанда, түркілік ғаламдық танымды паш ететін мынадай мифтік көріністен аттап өтуге болмайды. Ол көрініс мифологиялық арқау ретінде түркілік ертегілерге тән болып келеді. Айдалада бәйтерек өсіп тұрады, оның басына ұя салған самұрық құс тұрады екен, бірақ самұрықтың балапандарын жалмайтын айдаһар бәйтеректің түбінде мекендейді. Сөйтіп, айдаһарды өлтіретін асқақ батыр туылмайынша, самұрық бұл тажалдан құтылмайды екен. Батыр туылады, айдаһармен айқас болады, жігіт жеңеді, самұрық оның мұратына жетуге қызмет етеді. Міне, бұл – типтік мифологиялық арқау.

Бұл жерде әңгіме әдеттегідей Жақсылық пен Жамандықтың күресі турасында емес, ғалам мен адамның қарым-қатынасы жөнінде. Бәйтерек – адамзаттың арманы, аңсары, Көкке өрлеу жолы, ғұмыры. Бәйтерек – түркілік танымдағы ғаламдық ағаш. Ал, бәйтеректі орап жататын жылан кейіпті жеті басты айдаһар – Уақыт. Айдаһардың жеті басты болуы оның о бастан аса жетілген ғаламдық құдыретті дүлей (стихия) екендігінде. Жеті санымен түркілер құдыретті кемелдікті таныған. Ал, самұрық – Бақ құсы, адамның мұраты, арманға жеткізер «көлігі»! Уақыттың талай тажалына төзген адам ғана мұратқа жетеді, Көкке самғайды, Жоғарғы әлемге тиесілі деген даналық жатыр бұл әфсанада. Міне, осы мифарқаудағы бәйтерек Наурыз рәсімінде Йол (жолтерек, бақан) ретінде кейіптелсе, ал айдаһардың рөлін «йолды» айнала тізбектелген адамдар атқарған. Бұл кейін христиандық Туылыс/Рождество мейрамының ғұрпы мен атрибутына айналды. Бір қызығы, қол ұстасқан адамдар он екі айдың немесе он екі мүшелдік жылдың болмаса үш жүз алпыс бес күннің кейпінде билеп айналған деп топшылаймыз. Мұндағы Жер мен Көкті жалғаушы Бәйтерек – Кеңістің бейнесі де, ал айдаһар – Уақыттың кейпі. Кеңіс геометриялық жағынан (ұзындық, ендік, биіктік) үшөлшемді болса, ал мифтік кеңіс те үшөлшемді: жоғарғы (бас), ортаңғы (бел), төменгі (аяқ). Біз атаған мифологиялық аңыз бен Наурыздың мазмұны барынша жуық. Бұл аңыз, адам көзімен қарағанда жауыздық пен бауырлықтың арбасуы болғанымен, түпкі идеясы ғаламдық үйлесімді паш ету. Міне, Наурыз – сол үйлесімге қызмет етудің басты рәсімі еді.

4. Наурыз бен түркілік күнтізбе
Адам баласы Уақытты есептеу мен бағалай білгеннен бастап, бейнелі ойлау қабілеті туған сәттен Наурызды мерекелеу қажеттігі туындаған болар. Бізді осындай ойға жетелейтін бес мың жыл бұрынғы Алматының солтүстік батысындағы 170 шақырым жердегі Аңырақай тауындағы жартаста қашалған ежелгі суреттер. Онда жер бетілік мақұлықтардан бірнеше есе ірі екі тұлға бейнеленіпті: оң жағында күндидарлы адамкейіпті киелі тұлға бері қарап тұр, бұл «Тәңір» аталып жүрген жарқын күш болса керек, оның сол жағында әрі қарап, түндидарлы сайтанкейіпті – Ыңыр (Іңір – бұл қазақтарда күн батқаннан кейінгі кеш түскен уақытты білдіретін ұғым түрінде қалған); олардың ортасында сағат тіліне қарсы бағыт бойынша Сиыр жылының төрт маусымы бейнеленген: жаңа туған бұзау, оның үстін ала баспақ жайылып тұр, ал оның сол жағында семіз де мүйізі қарағайдай ірі бұқа Тәңірге қарап тұр да, оның астын ала мүйізі түскен, ауру да көтерем сыйыр тәлтіректеп тұр. Бұл сәйкес түрде бейнеленген жылдың төрт мезгілі – көктем, жаз, күз және қыс. Бұлардың бәрінің астында түрлі айуан бейнесіндегі он екі адам билеп жүр. Бұл – ежелгі наурыз мерекесінің рәсімі, жоралғысы! Бұл – сиыр жылының Наурызын мейрамдау көрінісі! Бұл – Күн мен Түннің теңесу сәті.

Наурызды ежелгі түркілік онекімүшелдік күнтізбеге қатыссыз қарай алмаймыз. Бұл мерекелік рәсім аталған дүниетанымға негізделген Уақыт пен Кеңісті әмбебап онекімүшелдік жүйеге жіктеудің бір көрінісі. Бұл жүйе бойынша адам мен айуан денесінің он екі мүшеден тұруы ғаламдық құрылымның он екілік жүйесінен алынған.

Толығырақ оқу


]]>
Mon, 14 Mar 2016 10:15:05 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)наурызнаурыз мейрамытүркілік мифонекімүшелдік күнтізбетүркілік күнтізбеhttps://yvision.kz/post/683344https://yvision.kz/post/683344
Алаштың аналары: Зарина (Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың аяғы – V ғасырдың басында өмір сүрген)

Көшпелі, жауынгер халықтың тіршілік дәстүріне байланысты он үшке толған қыздар «Арулар жасағының» қатарына алынып, садақ атуға, найза лақтыруға, қылыштасуға машықтанатын

«Бұл оқиға Мидия патшасы Астибардың тұсында өткен еді. Сақтар мен мидиялықтардың арасында ұзаққа созылған қанкешті соғыс жүріп жатқан. Ол кездегі сақтардың патшасы Зарина атты өжет те сұлу келіншек еді».
К. Мойсеев. «Заринаның семсері». 36-бет

І

Әлқисса, осынау ұрпақтан ұрпаққа жиырма бес ғасыр бойы, яғни екі мың бес жылдан бері аңыз дастан боп келе жатқан сақ тайпасының аруы Зарина (Сара) туралы оқиға да тосыннан басталды. Еркіндігіне ерлігі, серілігіне сұлулығы сай керім келіншек ашық аспан, дарқан даланың аясында серуен құрып, сергіп қайту үшін саятқа шықты. Өзінің «Арулар жасағына» тез арада жиналып, қару-жарағын сайлап, садақтарының ұшын ұштап, найзаларын жонуға әмір берді. Оның бұл әрекетіне күйеуі, сақ тайпасының әскери қолбасшысы Мөрмөр де (Мермер) онша таңдана қоймады. Қайта өзінің қасына орналасқан Роксанаки қаласындағы (қазіргі орнын дәл анықтаудың мүмкіндігі болмады. Шамамен Сыр бойындағы Сығанақты маңы) әскерін соғыс өнеріне жаттықтырып, қаннен-қаперсіз, Заринаға мол олжа тілеп қала берді. Сөйтіп, «Арулар жасағы» саятқа аттанды. Көшпелі, жауынгер халықтың тіршілік дәстүріне байланысты он үшке толған қыздар «Арулар жасағының» қатарына алынып, садақ атуға, найза лақтыруға, қылыштасуға машықтанатын. Олар жеке шеп құрып, жайға қарсы соғысуға қатысатын. Қашан ұрыс майданында ерлік көрсеткенше тұрмысқа шықпайтын. Бұл ер адамның бұйрығымен жүзеге аспаған. Ержүрек қыздардың жасағына қосылар кезде арулардың өздері осылай ант беретін болған. Мұның себебі, көшпелі ел жаугершілікке жиі ұшыраған. Ал жеңген жақ әйелдерді күңге, қызметшіге айналдырып, өз елдеріне алып кететін. Міне, содан сақтану үшін әйелдердің жасағы құрылды. «Амазонкалар» – «Ер апа» деген атпен әлемге әйгілі болған сақ қыздары жай бейбіт күннің өзінде сауыты мен дулығасын киіп, иен далада кәдімгідей әскери жаттығулар өткізетін. Аң аулап, соғысып жатқан әскерлерге азық-түлік дайындауға септесетін. Сондықтан Роксанаки қаласының әміршісі Зарина ханымның мына саят серуеніне қуанбаса ренжіген жоқ. Әрине, арнайы жасақпен жабдықталып шыққан соң, алыс сапар шегеді. Екі-үші күншілік жердегі аң-құсты сақтардың садағы сиретіп тастаған. «Арулар жасағы» жол-жөнекей сайысып, күш сынасып, ат жарыстырып жүріп,Үстірттегі аранға келеді. Олар ұлан-ғайыр жерді қоршап, құлан мен киіктерді жаңағы аранға қарай иіре қуады. Сол кезде құлан үйірінің көсемі Заринаның тұсынан жырыла қашып, айдаланы бетке алып, оқтай зулайды. Бұған шамданып қалған Зарина оның соңыцнан қуа жөнеледі. Аңның қызығына түскен қыздар оған мән бермейді. Қырдан асқан құланның соңынан ілескен Зарина да кері қайтпайды, керісінше ерегесе түседі. Кенет қайқаңға шыға келген құлан жалт бұрылады да, белесті өрлей қашады. Зарина да зулатып келіп дөңге шыққанда қарсы алдында сапқа тізіліп, қарағайдай қайысып тұрған әскерді көреді. Жасанған жайға не істей алсын! Олар мұны көріп, сақтың дулығалы батырын тұтқынға түсіру үшін әдейі тасада тосып тұрған еді. Зарина қоршауға алмақ жаудың шолғыншыларынмен айқаса жүріп, арасынан сытылып шығады. Зуылдаған жебе санына қадалады. Оны да елемей, аттың басын еркін қоя береді.

Жалғызға жабылу дәстүрде жоқ. Әскерін сейілдетіп жүрген олардың көсемі Заринаның соңынан тұра қуады. Қанша жүйрік болса да Заринаның сәйгүлігі тыңнан қосылған аттан ұзап кете алмайды. Қолбасы да осал тұлпарды мінбейтіні белгілі. Ол сауыттан оқтың өтпейтінін біліп, Заринаның атын қарауылға алады. Құлаған батырды орнынан тұрғызбай, басын шаппақ болып, қынабынан қылышын суырғып алған ...Қуғыншының тұла бойы шымырлап сала берді. Өйткені жаралы аяғымен жамбастай көтерілгенде Заринаның дулығасы ұшып кетеді де, төбесіне түйген қолаң шашы сусып барып арқасына төгіледі. Әйел екенін көрісімен жасақбасы қылышын жерге шаншиды. Атынан түсіп, әдеп бойынша кешірім сұрап, жарасын таңып береді. Бұл жігіт Мидия елінің ханзадасы, аң аулау үшін әрі әскерін серуендету үшін Үстірттегі аранға келе жатқан Стриангей батыр еді. Заринаның мойылдай қара көзінен, хас сұлулығынан есі шыққан Стриангей сақ аруына ғашық болып қалады. Оның өзі де сондай ер тұлғалы, өжет мінезді әрі қайырымды ханзада еді. Зарина да оны ұнатып қалады. Екеуі ұзақ сұқбаттасып, серуен кезінде кездесіп тұруға уағдаласады.

ІІ

Зарина сақ патшасының қызы болатын. Сондықтан да мемлекетаралық қарым-қатынасты реттеп, билік айтуға толық қақысы бар еді. Ал күйеуі Мөрмөр тек әскербасы ғана-тын. Оның әмірі қол астындағы әскерге ғана жүретін және жорықтан түсетін олжа мен тұтқынның тағдырын шешетін кеңесте төрелік айта алатын. Елдің тыныштығы оған ұнамады. Жеңістен жеңіске жеткісі келмейтін әскербасы бола ма? Сөйтіп іштен тынып жүргенде Заринамен тілдесу үшін сақ даласының шетіне келген Стриангейді қапылыста қолға түсіріп алады. Соғысуға жасағы дайын тұрса да, Стриангей Заринаға берген уәдесінде тұрып, екі елді қырғынға ұшыратпау үшін өз әскеріне кері қайтуға бұйрық берген. Мөрмөр жеңіс дабылын қағып, Роксанаки қаласына ат басын бұрады. Тұтқынға түскен Стриангейді көріп, Зарина қатты уайымға бөленеді. Әскербасынан да оның соғыспай, жасағына кері қайтуға әмір бергенен істегінде, Зарина сертіне берік жігіттің ерлігіне разы болып, бір тәуекелге бел байлайды. Қолбасшыға барып, сауға сұрайды: – Мөрмөр! Бұл Мидиананың адал, ержүрек ханзадасының өмірін мен үшін өзіне қалдыр. Қыршынынан қима. Өлтірме. Оны сенімен соғысуға мүмкіндігі бола тұра, екі елдің тыныштығын бұзбас үшін, қан төгіспес үшін өзінің басын бәйгеге тікті. Екі елдің татулығының белгісі болсын, жібер. Сен онымен соғысып, майданда жеңген жоқсың. Қайт райдан! Еліміздің басына қасірет шақырма! – дейді Зарина. Мөрмөр одан бетер қасарысып: – Жоқ! Тыныштықтан не пайда? Одан да олжалы соғыс артық. Өлтірілсін. Өлсін. Бұл – менің олжам. Оған қайндай кесім айтсам да, қақым бар. Өлтіремін! – дейді. Дәстүр бойынша оның сөзі дұрыс еді. – Ендеше, сөзіңді тыңда, Мөрмөр! Ханның бұйрығы екі айтылмайды. Сен қан сасыған олжаны ойлайсың. Мен мына елдің іргесі бүтіндігін, береке-татулығын ойлап,қанқұса боламын. Қаншама ел қырылды. Ана мен сәбидің көз жасы көлге айналды. Оның үстіне ханзада сертінде тұрды. Сен елді арандатпа, тоқта! Әйелдердің емес, ханың ретінде бұйырамын, сен жазаға тартыласың! – деді. Мөрмөр де бекзада тұқымынан еді. Бұл сөзге шыдамай, қанжарын суырып алып, Стриангейге ұмтылғанда Зарина өзін қорғайтын жасақтарына: – Тоқтатыңдар Мөрмөрді! Ұстаңдар! – дейді әмірлі үнмен. Жасақтар Мөрмөр мен Стриангейдің арасына тұра қалысқан. Ызаға булыққан Мөрмөр олардың бірнешеуін жаралап та үлгерді. Қолдарына қаруын алған күзетшілермен арпалысып жүріп Мөрмөр қансырап барып қана жығылды. Сөйтіп ол жерде ожар қылық, долы мінездің кесірінен қаза да тапты. Зарина жиылған әскербасыларына қарап: – Бүкіл елді қансыратып, мағынасыз соғыста құрбан болғаннан гөрі өзін ұстай алмайтын долы әскербасының қазасы әлдеқайда жеңіл. Ол менің күйеуім, бірақ елімнің амандығы мен үшін одан қымбат. Мидиананың ханзадасын босатыңдар! – дейді. Стриангейді тұтқыннан босатып, қашан әл-қуатын жиғанша күтті ханша. Ханзада еліне аттанарда Заринаға: Зарина, мен сен үшін өз басымды оққа байладым. Сен мен үшін күйеуіңді жазаға тарттың. Екеуіміз де елімізді шын сүйіп, сол үшін құрбандыққа бардық. Адал махаббатымыздың белгісі болсын, екі патшалықты біріктіріп, бір ел болайық. Қосылайық! – деп тілек білдіреді.

Толығырақ оқу

]]>
Wed, 09 Mar 2016 09:47:51 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)https://yvision.kz/post/681040https://yvision.kz/post/681040
Қазақстандағы ашаршылық зұлматына байланысты қазақтардың Батыс Сібірге босқыншылығы

Кейбір жергілікті тұрғындар, шовинистік пиғылдағылар «қазақтар орыс балаларының етін жейді» деген әңгімелер таратуына байланысты жергілікті тұрғындардың қазақтарды өлтірген оқиғалары да орын алды

Қазақстанда жүргізілген «бай-құлақтармен» күресу, зорлап отырықшылдандыру мен ұжымдастыру саясаты бойынша барлық малды ортақтандыру арқылы етке өткізу науқанының нәтижесінде мал басы күрт азайып, оның аяғы бұрын-соңды болмаған ашаршылыққа соқтырды. Бұл ашаршылықтың ауқымы 1918-1919 және 1921-1922 жылдары болған сұрапыл ашаршылықтан да зор болды. 1931-1933 жылдары болған кезекті ашаршылық кемінде төрт миллион адамның өмірін қиды, олардың басым көпшілігі Қазақстанның аумағында қырғынға ұшырады; олар отырған қараша үйлері мен қыстауларында, бір үзім нан іздеп кезіп жүріп өлді, қалаларға жеткендері көшелерде ішектері бұралып өлді, жете алмағандары орыс шаруаларының қыстақтары мен деревняларының, рудниктер мен зауыттардың аймағында жер жастанды. Бір кездерде даланың өркөкірек, еркін де намысқой батыр ұл-қыздары Мәскеу ұйымдастырған жасанды сұрапыл зұлматты басынан өткерді. Голощекин мен Орталықтың Қазақстанға жасаған осы қылмыстық саясатының түпкі мәні – бұл ашаршылықтың Дешті Қыпшақ жерінде қолдан жасалуында болатын. Оны айтасыз, олар мұнан да сорақы қылмысқа барды: Олар қырылып жатқан қазақтарды құтқаруға ешбір тиімді шара іздеген жоқ, істегісі де келмеді. Қырылып жатқан қазақты ашаршылықпен жеке өзін қалдырды, қазақтар аштықпен өздері ғана күресуге мәжбүр болды. Ұлы көшпенділердің ұрпағының алдында екі ғана жол қалды – отырған жерлерінде өлу немесе басқа жерлерге ауа көшіп босқынға айналу. Онда да малсыз, дүние-мүлікті қалдырып босқын болу «таңдауы» алдында тұрды. Себебі малының барлығы тартып алынды, қалғандарын өздері сойып алуға мәжбүр болған еді. Үй-мүлкін алып көшуге жағдай көтермеді. Осындай жағдай басына түскен аш қазақтар 1931 жылдың күзінен бастап лек-легімен Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарына жаппай үдере ауа бастады. Аш қазақтардың жаппай босқынға айналып көше бастауы, бір жағынан олардың зорлықпен ұжымдастыруға білдірген ұжымдық наразылығы болса, екінші жағынан алғанда аштықтан аман қалудың бірден-бір дұрыс жолы еді. Қазіргі зерттеушілердің есептері бойынша осы жылдары республика аймағын 1 миллионға жуық отандастарымыз ауып кеткен. Сол кездегі Павлодар округінің Ертіс ауданының қазақтарының Омбының Русскополян ауданына ауған босқыншылығын көрген сол облыстың Қаратал ауылының тумасы Асылбекова Зылиха Сартымбекқызы былай суреттейді: «1932 жылдың қысында болған сұмдық оқиғалардың куәсі болдым. Аулымыздың қасынан Омбы жаққа өтіп бара жатқан аш қазақтардың шұбырынын көрдім. Сол жылы сұмдық қатты қыс болды, сақылдаған аяз бен боран толастамай соғып тұрды. Боран толастаған соң ауыл адамдары жолға шығып қарайып жатқан қазақтардың өлігін жинап жерлейтін еді. Өліктердің көптігі сонша оларды тезірек көмуге тырысатын, себебі аш қасқырлар өліктерді жеп қоятын. Бір айта кетерлік жай – адамдар өлер алдында үстіндегі киімдерін шешіп тастап құлайды екен. Денелері тез ісіп кетеді екен. Көп жағдайда аналарына ере алмаған жас балалар көп өлген. Ере алмай қалжыраған балаларына қарайлауға аналардың күші де, мүмкіндігі де болмаған».
Бір үзім нан іздеген Солтүстік және Қазақстанның теріскей шығысының, Орталық Қазақстанның қазақтарының басым көпшілігі Батыс Сібірді бетке алып, Ертістің бойын жағалап пароходпен, темір жолмен, жаяу шұбырды. Жаяу жүргендердің көпшілігі жолда өлді, атап айтқанда Сібірдің шекара аймағында өліктері қалды. Осы жағдайды Батыс Сібір бойынша ОГПУ-ң өкілетті өкілі өзінің «Қазақстандық қазақтардың Батыс Сібір өлкесіне қашып келуі туралы» деген 1932 жылдың 23 ақпанындағы арнайы ақпаратында былай баяндапты: «1931 жылдың күзінен бастап Қазақстаннан қашқан қазақтар көрші орналасқан Батыс Сібір өлкесінің аймақтарына үдере көше бастады. Соңғы кезде бұл жағдай жаппай сипат ала бастады… қашқан қазақтардың қолдарында ешқандай дүние-мүліктері жоқ, еш жерде жұмыс істемейді, басым көпшілігі аш. Қайыршылық жаппай етек жайған, өлген жануарлардың етін жеу көп тараған.. Аштықтан өліп жатқан жағдайлар кездеседі». Ресми ақпаратта Батыс Сібірге немесе «Запсибкрайға» көшіп келген қазақтардың саны 50 мың шамасында деп көрсетіледі. Бірақ, біздің пайымдауымызша шын мәнінде бұл дерек кемінде 250 мың деп ойлаймыз. Не себептен ауып келген қазақтардың саны азайтылып көрсетіледі?
Біріншіден, 1933 жылға дейін, жергілікті билік орындарының қолдарында ауып келген босқын қазақтарды Қазақстанға қайтарып жіберу жайлы нақты нұсқаулары болатын. Себебі олар әрбір ауып келген босқын аш қазақты өздерінің тап жауы деп санады. Сол себептен де ауып келген босқындарды қабылдауға мәжбүр болған билік орындары, ақпарат берушілер қазақтардың санын азайтып көрсетуге тырысты. Бұл сөздерімізге Батыс Сібір өлкесінің Волчихин ауданының атқару комитетінің 1931 жылдың 26 мамырындағы директивасы дәлел бола алады: «Атқару комитеті үш күн мерзім ішінде Қазақ өлкесінен келгендеріне екі жыл болғандарды, біздің ауылсоветтің аймағында тұратын барлық ауқатты құлақтарды, олардың сыбайластарын анықтап оларды Михайлов ауылсоветі арқылы Қазақ өлкесіне, бұрынғы мекен жайларына көшіріп жіберуді ұсынады». Бұл директивада сонымен бірге оларды колхозға қабылдауға тыйым салу жөнінде нұсқау берілген. Батыс Сібір өлкесіне ешқандай малсыз, дүние-мүліксіз аштан өлмеу мақсатында жаяу шұбырғандарды қалайша құлақтар мен ауқаттылар қатарына қосуға болады?
Екіншіден, ауып келген босқын қазақтардың көпшілігінің қолында еш құжаттары жоқ болатын. Сол себептен де Қазақстаннан келгендердің санын анықтауға мүмкіндік болмаған. Төлқұжаттар кейінірек пайда болды.
Үшіншіден, босқындар тез жиналып, тез көшіп кетуге дайын тұрды. Пәлен жерде тамақ бар немесе жұмыс бар деп естісе сол заматта көшіп кете берген.
Төртіншіден, қазақтардың жаппай қырылып қалу жағдайлары көп болған. «Сібір өлкесінің» көптеген жол бойларында, әсіресе қыс мезгілінде аштық пен суықтан өлген қазақтар жаппай орын алды.

Толығырақ оқу...
]]>
Mon, 29 Feb 2016 09:34:19 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)ашаршылықбатыс сібірбосқыншылықбосқыншы1931-1933 жылдарhttps://yvision.kz/post/681039https://yvision.kz/post/681039
Мырзағұл Әбдіқұлов: «Өлімнен де күшті!»

Айтатын ой көп. Жеті жылда көргенімді, түрмедегі адамдардың барлығы жаман болмайтындығы, олардың ішінде де рухы биік, жаны таза кісілердің көп екендігі туралы ойларымды әңгімеге сыйғызу мүмкін емес

Желтоқсанның ызғарлы желі талайларды тоңдырды, талай қазақты жұлқып, ұйқысынан оятты, талайлардың намыс отын тұтатты. Сол тоңғандардың, оянғандардың, көкіректегі намыс оты тұтанғандардың бірі – менмін. Тас зынданда болған жеті жыл уақыттың ішінде талай тозақты көрген мен өлімнен де күшті нәрсе бар екенін ұқтым. «Туған жердің намысы бөтен қолда кетпесін!» деп Қайрат інім жырлағандай, оның аты – Намыс. Ар, Ұят, Рух екен. «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Ерді намыс өлтіреді», «Өлімнен ұят күшті» деген халқымның асыл сөздеріне Желтоқсан көтерілісінен бұрын шын мәнінде тереңдеп, ой көзімен қарамаппын. Қамшының сабындай ғана өткен ғұмырымдағы түрмеде болған жеті жыл қазір ойлап отырсам жеті ғасырға татитындай. «Бас қатты ма, тас қатты ма?» деп сұрай қалса, бұрын қалай жауап берерімді білмеймін, қазіргі айтар уәжім нық. Тас түрменің табалдырығын аттағаннан-ақ жеген таяқтан, тиген ауыр тепкілерден денемде сау жерім жоқ десем өтірікші бола қоймаспын. Бәрінен де батқаны – өз қаракөз бауырларымнан жеген таяғым мен тепкілерім. Аттарын айтып неғылайын, олардың көбісі қазір сол қызметтерінде алшаң басып жүр. Тіптен бет-аузы шімірікпей «Өлім» жазасын «мәрттікпен» менің мойныма іліп жіберген халық соты да өзімнің қандасым екенін жүрегім езіле отырып, қағаз бетіне түсіруге мәжбүрмін.
Кейде өзімше отырып тағдырыма налитыным бар. Әкем Тәжіғұлдан жастай қалдым. Ол аз болғандай біз ат жалын тартып мінгенде туған жерім – Аралдың бағы тайып, апатты аймаққа айналды. Көппен бірге жасы келген анамды, бала-шағамды шұбыртып Алматыға келдім. Мұнда мені күтіп тұрған кімім бар, талай азапты бастан өткердік. Бір жақсы адамның көмегінің арқасында қалаға жақын бір ауылдан ұлтарақтай жер алғанда қуанышымызда шек жоқ. Сол жерге екі бөлмелі үйді әзер дегенде қалқиттым. Одан артыққа осы күнге дейін шамам жетер емес. Қазір сонда бес баламмен тығылысып, тұрып жатырмыз. Жә-ә, әңгіменің арнасы бұрылып барады білем, негізгі айтар ойыма ауысайын. Қай халықта болсын, сатқындар, намыссыздар, ездер, қаны жоқтар баршылық. Орыс империясының осындайларды дайындаудағы шеберлігіне «тәнтімін». Жетпіс жыл (тіпті одан бұрын да) бойына дүйім бір халықтың көңіл көзін бітеп, шел бастырып келген не деген мықты саясат! Аштықтан, репрессиядан, соғыстан жарты халқымыз шыбындай қырылып жатсақ та, артымызға бір бұрылып қарамаппыз-ау! Кіл соқыр байғұстар, басы жоқтар (басы барларды ажал «қылышымен» қағып отырған) шынында да қалай көрмек?! Міне, көр соқырдың бірі мен едім. Желтоқсанның 17-дегі қырғында келесі күні таңертең естідік. Құлағым елеңдеп, үйде жата алмадым. «Балалар әлемі» дүкенінің жанына келгенімде сол маңды бес қаруы сай әскерлер сап түзеп қоршай бастады. Әлдебір жамандықты сезгендей жүрегім өрекпи соқты. Сөйтсем, жоғары жақтан көтерген плакаттары бар, өлеңдеткен қазақ жастары шеру тартып келеді екен. Бізді қақпайлап шетке шығарып жіберді. Басыма қан теуіп, бойым шымырлаған мен сол шеруге қосылып кетер ме едім, нағашы әпкем кездеспегенде... «Құрисың! Кет бұл жерден!» деп ол мені қуды. Амал жоқ, артыма қарайлай-қарайлай ауылға қайтып келдім. Түнімен дөңбекшіп ұйықтай алсамшы: «Ойпыр-ай, менің сол қаракөз бауырларымнан жаным артық па? Не деген ез, қорқақ едім. Осындайда төбе көрсетпеген еркек еркек пе? Қайда қазақтық намысым? Қап!» деп өзімді күстаналадым. Ертеңінде қалаға баруға сылтау табылғанда іштей қуандым. Анам, жарым қалаға бармағанымды қалады. «Қорықпаңдар. Келем ғой!» дедім мен. Тағдыр деген қызық қой. Өздеріңіз білетіндей өзімді қорғаймын деп жүріп бір орысты өлтірдім. Қолдарында жарты метрдей темірлері бар олар үшеу еді. Өзімді қорғамасам, олар мені өлтірер еді немесе мүгедек ететіндігінде сөз жоқ болатын. Сол кездерде үлкендерді қайдам, қазақ жастарының тағдыры бес тиын болып қалды ғой. Мен өзімді ғана емес, намысымды қорғап қалғанымды көп уақыт өткен соң білдім. Әңгіменің басында Желтоқсан көтерілісі талай қазақты оятып, намыс отын тұтатқанын айттым. Желтоқсанның негізгі оқиғасы болған маңда менің бір замандасым тұрды. Атақты спортшы. Бірақ ана тілімізге шорқақ. Мәңгүрттің үйреншікті қалыбына түскен. Әйелі орыс. Ұлттық намыстан жұрдай. Оны мен оншалықты жақтырмаймын. Жеті жыл түрменің ащы дәмін татып келгеннен кейін сол замандасымды кездейсоқ кездестіргенімде танымай қалдым. Еңгезердей біреу құшақтай алғанда тұншығып кете жаздадым. Сол, сол ғой! Ау, ол қазақша білмеуші еді ғой деймін таң қалып. Хал-жағдайынан ана тілімізде сорғалатқанда аузым аңқиып қалыпты. Мұнымды сезген ол мән-жайды қысқаша айтып берді. «Менің үйімнің Республика алаңына жақын тұрғанын жақсы білесің. Сол он сегізінші желтоқсандағы жан шошырлық түн мәңгілік жадымда қалып қойды. Қарындастарымыздың шыңғырған дауыстары, иттердің абалағаны, жанталаса дүркірей қашқан бауырларымыз, оларды табанымен таптаған қатыгез әскерлер... Сағат он мен он бірдің арасы ғой деймін, біздің балконның түбінен алдымен жас қыздың шыңғырған дауысы, содан соң: «Ағатайлар-ай, менің жазығым не? Жіберіңдерші!» деген жалынышқа толы сөзін анық естідім. Әлдекімдер қар-қарқ күліп, балағаттап, дүрс-дүрс тепті ме, ұрды ма-ау, қыздың үні лезде өшті. Шыдай алмадым, балконға жүгіріп шықтым. Жарықтан анық байқадым, екі-үш солдаттың жап-жас қазақ қызын қанын сорғалатып (ертеңінде сенбей жерге жұққан дақты анықтадым) қолаң шашынан ұстап, дырылдата сүйреп бара жатқанын көрдім. Мұндай қатыгездікті көріп тұрып шыдау мүмкін емес еді. Айқайлап жібердім. «Оңбағандар! Қатыгездер! Жіберіңдер! Жіберіңдер деймін».
Олар сәл тоқтады да, жындыны көргендей тағы да қарқылдап күлді. «Қазір саған келеміз. Ажалыңа асыққан, ақымақ!» деді олар. «Келіңдер, келіңдер!» дедім. «Жастығымды ала өлейін!» деп әйелімнің қарсылығына қарамай, үйдегі ет шабатын балтаны қолыма ұстап, олардың келгенін күттім. Олар келмеді. Міне, сонда мен өзімнің еңгезердей болып намыссыздығыма, бос кеуделігіме, ездігіме қатты қорландым. Әйтпесе менің жаным олардан артық па еді? Өкініштен не пайда? Желтоқсан көтерілісі өтті, кетті. Мені әйелім сыртқа жібермеді. Бірақ менің сілкінген санамда Желтоқсан қалдырған із мәңгілік қалды. Мен бұдан былай қазақ болуға, ана тілімді үйренуге, халқыммен бірге болуға ант іштім. Көп ұзамай әйеліммен ажырастым. Көріп, тыңдап отырсың, ана тілімді сенен кем білмеймін».

Толығырақ оқу
]]>
Mon, 22 Feb 2016 12:01:45 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)мырзағұл әбдіқұловнамысарұятhttps://yvision.kz/post/679758https://yvision.kz/post/679758
Көшпенділер өркениетінің жоқшысы

Советтік идеологияның бір ерекшелігі – ұлтты ұлттың өзіне қарсы қою. Міне, соның кесірінен өз тарихын өзі жатсыну, өткеніне де, болашағына да күмәнмен қарау көңіл-күйі қалыптасқан

ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін әлемдік ақыл-ой кеңістігінде көшпенділер өркениеті деген сөз ауызға алынбайтын. Көшпенділер тарихына еуроцентристік немесе азиялық центристік көзқараспен баға берілді. Еуропа мен Азия тарихын түбірінен өзгерткен ғұндар мен кейінгі түріктердің, монғолдардың тарихы туралы бір жақтылы қасаң көзқарастар ғылымда үстемдік құрып келді. Бақсақ, мейлі ғұн, мейлі түрік, мейлі монғолдар болсын, бәрі де жер бетіне көшпелі өркениеттің ұрығын сепкен, ұлан-ғайыр мәдени кеңістіктерді бір-бірімен жалғаушы, жаңалықтарды жеткізуші болған екен. Онымен қоймай, көшпенділер отырықшы өркениеттер аймағына құлашын кең жайған ірі мемлекеттерді, империяларды құру дәстүрін қалдырып кетті. Ғұндардың әсерінен Қытайдағы, Еуропадағы ұсақ бектіктер (князьдіктер) бірікті. Бірігіп аса қуатты, құлашын кеңге жайған іргелі мемлекеттер құрды. Егер атты ұлттардың соққысы болмағанда ол елдер көпке дейін жайбарақат күйі жатар еді. Тұтас адамзат өркениетінің аяқалысы талай ғасырға кешеуілдер еді. Осы ойлар, пікірлер бізге Л. Гумилев еңбектерін оқу арқылы келді. Ол тұтас адамзат тарихын бір-бірінен бөлек алып қарамай, оған бір тұтас органикалық тұлға ретінде қарады. Тарихтың өз келбеті де солай. Тарих үшін бүгінгі мемлекеттер, шекаралар, этностар шартты ұғым. Ол тарихи дамудың нәтижесі. Тарихта Еуропа елдерінің шекарасының талай рет өзгеруі соны дәлелдейді. Азия да солай. Бұрындары Азия бір тұтас болған. Өркениеттер бірін-бірі жатырқамаған. Сол себептен, Азия даласынан тарихтағы түрлі өркениеттердің, діндердің ізі байқалады. Соның ішінде Қытай өркениеті деген өркениет бар. Сырттан келген өркениеттер туралы сөз болғанда ол тіптен сіңіргіш, бірақ қарсылық қуаты өте жоғары өркениет. Бір қызығы теңіз жолы дамымай тұрған ерте және ортағасырларда Үнді, Араб, Парсы және Еуропа өркениеттері Қытайға Орта Азия арқылы жеткен. Орта Азия Шығыс пен Батыстың арасында өткізгіштік рөл ойнай отырып, өзі де сол өркениеттердің әсеріне ұшыраған. Демек, ортазиялық өркениет Шығыс-батыс өркениетінің жергілікті өркениетпен синтезі арқылы қалыптасқан өркениет. Ол оңтүстіктегі ислам-будда мәдениеті мен солтүстіктегі православия мәдениетінің, дәстүрлі шығыс мәдениеті мен еуропалық мәдениеттің, көшпелі мәдениет пен отырықшы мәдениеттің түйіскен тұсы. Мұнда тарихта тәңірлік, будда, манихэй, зоорастризм, несториан, ислам секілді түлі діндер брінің ізін бірі баса, қатарласа дамыған. Дүниежүзінің ешбір жерінде мұндай өркениет қалыптаспаған. Өйткені бұл белгілі мағынадан жағрапиялық шарт-жағдайға да байланысты. Көшпенділер осынау байтақ кеңістіктің тарихын ат тұяғымен жазды. Ол тарихты Л. Гумилевтен бұрын бәзбіреулер білсе де білмегенге сайып жылы жауып келді.

1893 жылы Дат ғалымы В. Томсен Орхон даласынан табылған көне түркі ескерткіштерінің бетіндегі руникалық жазулардың сырын ашқаннан кейін де Батыс әлемі, кеңестік түркология бұл ұлы жаңалықты жылы жауып қойды. Советтік түркология түркі халықтарының тарихын зерттеудің орнына түркі халықтарының тілін зерттеуге көбірек көңіл бөлетін. Өйткені түркі халықтарының көне тарихын зерттеу олардың ұлттық санасының оянуына қызмет етуі бек мүмкін еді. Олар үшін далалық бұратана халықтардың тарихы түк емес болатын. Дәл осындай кезеңде орыс халқының ұлы перзенті Л.Н. Гумилев өз бетімен ертеде даланы мекендеген түркі-монғол халықтарының тарихын зерттеуге кірісті. Өз өмірінің соңында ұлы ғалым «менің өмірімнің мәні...мен шын жүрегіммен сүйген Еуразияның көшпенді халқының атақ-даңқын шығару болды»», – деді. 1992 жылы ол тағы да «олардың (еуразияшылдардың) сағаты енді соқты»-деді. Батыстық А.Тойнби, О.Шпенглер секілді еуроцентристерге қарсы Л. Гумилев өзінің ғылыми ойларымен, кең масштабты пікірлерімен жауап берді. Ол көшпенді халықтардың өркениеті 3 мың жылдық шығармашылық дамуды бастан кешкенін атап өтті. «Көшпенді қоғамда техникалық үдеріс болмаған деп ойлау ақылға симайды. Көшпенділер, оның ішінде ғұндар мен түріктер де бар, өз кезінде аса маңызы бар заттарды ойлап тапты. Ең алғашқы шалбарлар өте ерте заманда көшпенділер қолымен тігілді. Үзеңгі де Орта Азия даласында 200-400 жылдар аралығында пайда болды. Ең алғаш көшпенділер қолымен шабылған арбалар теңдерді қою арқылы таулы аймақтарда, ну жынысты шатқалдарда жүруге мүмкіндік берді. Жебесі 700 метрге зулайтын садақтар мен қайқы қылыштарды да көшпенділер ойлап тапты. Қылаяғы дөп-дөңгелек киіз үйлер де сол заманның ең ыңғайлы тұрақты мекені болып табылатын», – дейді. Л. Гумилев айтқандай, археологиялық және жазба деректер көшпенділердің Алтайда, Арқада, Монғолияда, Ерен-қабырғада және Жетісуда теміршілікпен шұғылданғанын, олардың қалалары және отырықшы мәдениеті болғанын дәлелдейді. Тағы бір мәселе: «Халықтың тарихқа қосқан үлесі оның санына байланысты болмайды...сол себептен, саны аз монғол және қалмақ халықтары Еуропа мәдениеті үшін өте көп нәрсе жасады деп есептеймін. Бүгінде жұрттың көбі ұмытып барады, ал шынында еуропалықтарды елшілердің қауіпсіздігін сақтауға үйреткен, еуропалықтардың әдет-ғұрпына дипломатиялық қолсұқпаушылықты енгізген нақ осы монғолдардың жорығы болды. Осы үшін де бүкіл әлемнің дипломаттары бірігіп Шыңғысханға үлкен ескерткіш тұрғызуы тиіс. Шыңғысханға дейін елшілердің өміріне ұдайы қауіп-қатер төніп тұрды», – дейді. Шын мәнінде, көне ғұндар мен түркітер қытайларға шалбар киюді үйретті. Одан бұрын Орта жазықтағы қытайлар кенеп жамылғымен ғана жүретін. Л. Гумилев осы шалбар жайында айта келіп, Римдіктер шалбарсыз, тоға(жеңсіз ұзын жамылғы) киіп жүрді; көне гректер мантия (ұзын шапан) киіп жүрген жоқ, кең мата шүберекке оранып жүрді. Ал атқа салт мінетін ғұндар, түріктер мен монғолдар Еуропа мәдениетіне шалбар киюді енгізді дейді. Басқа басқа, дәл ғұндардың қытайларға шалбар киюді үйреткенін қытай ғалымдары мойындайды. Қарап отырсақ, ғұндардың қытай өркениетіне қосқан үлесі мұнымен ғана өлшенбейді. Әу бастан, ғұндар қытай топырағында қуатты бірлікке келген мемлекеттің құрылуына себепші болды. Егер солтүстіктен төнген ғұндардың қысымы болмағанда чуньцю-чанго дәуіріндегі жеті бектік бір мемлекет болып бірігуі екіталай болатын. Тағы бір мысал, осы бірігудің нәтижесінде солтүстікте ғұндардан қорғанатын Ұлы қамал салынды. Оның құрылысы мың жылға созылды. Ғұндардан соң түріктер, сянбилер, монғолдар және жүржіттер оның жалғасты салынуына әсер етті. Егер көшпенділерден қорғану қажеттілігі болмағанда, аталмыш қорған да тұрғызылмаған болар еді. Солтүстіктегі атты көшпенділер отырықшы жұртқа ат үстінде соғысу өнерін үйретті. Дүниежүзіне әйгілі ат спорт ойындарының түрлері көшпенділерден тараған. Мысалы, ғұндар мен түріктердің ат үстінен ойнайтын шәуген доп ойыны VI-VII ғасырларда алдымен Қытайға, сосын Еуропаға таралған. Ат жарысы, көкпар ойыны қатарлы ойындар туралы да соны айтуға болады.

Жоғарыдағы ойларын айта отырып Гумилев қандайда бір ұлттың өркениет көшіне қосқан үлесін арнайы бағалаудан бас тартады. «Бағаны жалпы уақытқа қатысты, заманға қатысты беру жарасымды бола қоймайды. Тегінде бағалау біздің ісіміз емес, біздің ісіміз-бейнелеп түсіндіріп, жүйелеп баяндау, мазмұндап, хаттау. Халықтардың мәдениетін, қызметін, шығармашылығын, қаһармандығын және басқа да осындай өзіндік өрнекті сипаттарын қандай да бір материалдық есептеулер білдіре алмайды», – дейді ол. Бірақ кей этностардың ерте, кей этностардың кеш қалыптасуы табиғи құблыс. Финикиялықтар бір кезде болды, ал бүгінде олар жоқ.

Толығырақ оқу...

]]>
Thu, 18 Feb 2016 10:00:17 +0600ehistory@yvision.kz (ehistory)көшпенділер өркениетісоветтік идеологиял. гумилевруникалық жазулартүркі халықтарыhttps://yvision.kz/post/679036https://yvision.kz/post/679036